ШҚО тұрғындары мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуі тиіс
20.09.2021 | 16.28
0
55
Биыл жеке тұлғаларға салық салуға қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекованың айтуынша, жыл басынан бері жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын төлеу рәсімі жеңілдетілген екен. Енді олар бір төлеммен төленеді. Бұл ретте бірлестік салық элементтерін өзгермейді, яғни жер салығы, мүлік салығы Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер мен тәртіпке сәйкес жеке-жеке есептелетін болады, ал төлеуге бір сомамен ұсынылады. Сонымен қатар, көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығы алынып тасталды. Бұл салықтың шамалы мөлшеріне, есептеудің күрделілігіне және басқарудың айтарлықтай шығындарына байланысты.
Мүлік салығын 1 қазаннан кешіктірмей төлеу керек. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындардан салық сомасын байланыссыз тәсілдермен білуді сұрайды: egov.kz электрондық үкімет порталы, kgd.gov.kz мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстары, Kaspi.kz мобильді қосымшалары, еSalykAzamat немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефоны бойынша. Бұдан басқа, мүлік салығының есептелген сомалары, өткен салық кезеңдері үшін берешек сомалары "Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің төлем түбіртектерінде көрсетілген.
Айта кетсек, салықты "Салық әмияны "сервисі іске қосылған "eSalyq" Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшасы, egov.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, терминалдар мен банкоматтар, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер арқылы төлеуге болады.
Азаматтардың жекелеген санаттарына, яғни жеке тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы аналарға, ҰОС қатысушыларына, оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне жеңілдіктер қарастырылған.
Комментарии (0)