ШҚО тұрғыны ЭКҰ бағдарламасы арқылы тұңғышын өмірге әкелді
14.01.2022 | 16.25
0
27
ШҚО тұрғыны ЭКҰ бағдарламасы арқылы өзінің тұңғышын өмірге әкелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл сәтті ерлі-зайыптылар 2016 жылдан бері күткен көрінеді.
Айта кету керек, сәбиді экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы, МӘМС жүйесі аясында қолжетімді болған шара.
Қазір ана мен бала өзін жақсы сезінеді, ұл баланың салмағы - 3661 грамм, бойы - 52 см.
- Жаңа жылды біз көптен күткен ең үлкен сыйымызды алдық. Сондай бақыттымын. Барлық жұмыстар тегін, МӘМС аясында болды, отбасымыздан еш шығын шыққан жоқ. Ұлымыздың атын Марк деп қойдық, —деп бөлісті Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғыны Алена Долгих.
Тағы бір айта кететін жайт, өңірге бөлінген квота саны былтыр өсіп, 500 квотаны құрап отыр. Бұл 5 немесе одан да көп жыл бала сүйе алмай, ата-ана атанғысы келіп, үміттерін арқалаған отбасыларға берілетін квота.
Комментарии (0)