ШҚО тұрғынынан төрт мылтық тәркіленді
29.11.2021 | 11.09
0
55
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны заңсыз қару ұстаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тәртіп сақшылары Ұлан ауданы тұрғынының үйін тінтіп, төрт мылтық тапты.
– 54 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның санкциясы – 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Комментарии (0)