ШҚО тұрғынынан тағы есірткі тәркіленді
20.01.2022 | 11.22
0
31
Желтоқсаны айының соңында Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Тексері кезінде ақпарат расталып, ер адамның ауласында орналасқан қорадан қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылды.
Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген заттың ішіндегі «экстракциялық апиын» есірткі құралының ерітіндісі екені анықталды.
- Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 3,0 мл., сұйықтық – 0,0387 грамм құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 296-бабының 2-бөлігі-есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)