Шар қаласындағы төбелеске қатысты тергеу басталды
24.11.2021 | 11.09
0
59
Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кеше кешке әлеуметтік желілерде Шар көшелерінің бірінде бір топ адамның төбелесіп жатқан видео тарады.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бір топ адам жасаған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Әзірге ешкімнен дене жарақаты туралы арыз-шағым түскен жоқ. Қылмыстық істің тергелуі және оқиғаның барлық мән-жайының анықталуы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Комментарии (0)