Шекара шебіне төрт санитарлық бекет қойылады – ШҚО
17.01.2022 | 10.07
0
32
Шығыс өңіріндегі «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» автоөтпе жолдарына төрт санитарлық бекет қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жариялаған жаңа қаулыда айтылған.
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Бородулиха, Зайсан, Шемонаиха, Үржар аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін, – деп жазылған қаулыда.
Комментарии (0)