Шектеу шараларын сақтау бойынша мониторинг - ШҚО
27.01.2021 | 20.11
0
163
Санитарлық нормалардың, оның ішінде маска тағу талабының орындалуына бақылау жүргізу вирусқа қарсы күрестің маңызды әрі негізгі бағыты болып табылады. Осы ретте шектеу шараларын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
26 қаңтарда облыс орталығында мониторингтік шара барысында 106 нысан тексеріліп, санитарлық нормаларды бұзудың 3 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, бұған дейін анықталған бұзушылықтар бойынша дүкенде медициналық маскасыз қызмет көрсеткен сатушыларға айыппұл салынды. Жалпы сомасы - 175 020 теңге.
Семейде мониторингтік топтар 195 нысанда рейд жүргізді, оның ішінде «Әлем» (220 орынды), «Dastan Cinema» (517 орынды), «Qazyna Cinema» (214 орынды) кинотеатрлары да тексерілді. Ереже бұзу фактілері анықталмаған. Сонымен қатар, рейд барысында 35 автобус қамтылып, конвейерлік әдіспен 598 автобус тексеріліп отыр. Маскалық режимді бұзуға қатысты 23 адамға ескерту жасалды.
Риддерде 5 рейд жүргізіліп, 73 нысан қамтылды. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар тіркелмеді. Бұрын өткен рейдтар бойынша дүкенде маскасыз қызмет көрсеткен сатушыға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Комментарии (0)