Шемонаиха ауданында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
18.05.2022 | 10.01
0
60
13 мамыр күні Шемонаиха аудандық полиция бөлімшесінің «102» арнасына 39 жастағы қала тұрғыны жүгініп, тәртіп сақшыларына оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы 12 мамырында сағат 21.00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы айтып, көмек сұраған.
- Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұржан Түгелов бастаған жедел-тергеу тобы жіберілді. Шемонаиха АПБ барлық жеке құрамы 15 жасар қызды іздеуге жұмылдырылып, бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін болатын жерлерді, көшелерді, Уба өзенінің жағасын, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың достарын аралап шықты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыз өзінің танысының үйінен табылған. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Кәмелетке толмағандардың жөніндегі инспекторлар кәмелетке толмаған жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Кәмелетке толмаған баланың анасы Шемонаиха ауданының ПБ-ның қызметкерлеріне оның баласын іздестіруде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Комментарии (0)