ШҚО-да ақпанның алғашқы күнінде қар жауып, боран соғады
01.02.2019 | 03.31
0
80
Сондай-ақ облыстық ТЖД бүгін аймақта қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті.
Шығыс Қазақстанда ақпанның алғашқы күнінде ауа температурасы айтарлықтай төмен емес. Алайда аймақта қар жауып, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның өңірдегі филиалы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1 ақпан күні ШҚО-ның кей жерлерінде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Кейбір аудандарда жел екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді дейді мамандар.
Сондай-ақ облыстық ТЖД бүгін аймақта қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті.
Комментарии (0)