Шығыс Қазақстан өнер музейінде Ұлан ауданының көрмесі ұсынылды
17.11.2021 | 16.33
0
76
Бүгін Шығыс Қазақстан өнер музейінде "Дала Дидары" облыстық өнер фестивалінің соңғы қатысушылары Ұлан және Глубокое ауданының көрмесі мен концерттік бағдарлмалары ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көрмеден Ұлан ауданының әр ауылындағы мектеп мұғалімдері мен қол өнер шеберлерінің туындыларын көріге болады.
Атап айтқанда, Мамай батыр ауылындағы мектептің ұстаздары Рахымбаева Жаңагүл кескіндемелерін, Калиева Гауһар кесте, тоқыма жұмыстарын ұсынды. Сағыр ауылының мектебіндегі «Асыл Мұра» үйірмесінің жетекшісі Зарлықан Сарқыттың «Қазақи тұмар», «Абай портреті», «Түскиіз», «Сәукеле», «Құрақ көрпе» жұмыстары көрмеге көрік берді. Шағиев Талғат қабырғаға сурет салумен ерекшеленсе, Қауменов Естай тас бетіне сурет салумен таңғалдырды.
Сондай-ақ көрменің ашылуында ауданның дәстүрлі әншілері қала жұртшылығына әнмен шашу шашып, ауданның табиғи байлығы мен мәдени өмірін паш ететін бейне презентация ұсынылған.
Комментарии (0)