Шығыс Қазақстан облысы: бағындырған белестер, келешекке жоспар

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы: бағындырған белестер, келешекке жоспар

0

17

Тәуелсіздік жылдарында мем­лекетімізде өңірлердің әлеуметтік әл-ауқаты мен ел экономикасына басымдық берілді. Бүгінде Егемен­діктің мерейлі 30 жылдығы қарса­ңында біз өткенімізді саралап, жет­кен жетістік, бағындырған белес­терімізді бағамдай аламыз.

Тәуелсіздік таңы атқан тұста Тұңғыш Президент – Елбасы ­Нұр­сұлтан Назарбаевтың дана ше­шім­дері жас мемлекеттің ішкі және сырт­қы саясатын қалып­тас­тыру­дың негізін қамтамасыз етті. Бұл тұрақты және серпінді дамып келе жатқан экономикасы, егемен та­рихы бар жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік берді.
Жаһандық өзгерістер, қаржылық және экономикалық дағдарыстар, коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында Қазақстан тұрақты­лық­ты сақтау үшін жеткілікті қоры бар екенін көрсетті. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-эконо­ми­калық тұрақтылық сақталып қана қоймай, оның даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны артты.

Статистикалық деректерге сәй­кес, жыл басынан бері өңірде өнер­кәсіп өнімдерінің көлемі – 105,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 105,2%-ға, ин­вестициялар – 105,0%-ға, құры­лыс жұмыстары 106,2%-ға артты. Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін түсімді 138%-ға (105,2 миллиард тең­геге), оның ішінде жергілікті бюд­жетке түсетін түсімді 136%-ға (42 мил­лиард теңгеге) ұлғайтуға мүм­кіндік берді.

Экономикалық көрсеткіштермен қатар азаматтар алдындағы әлеу­меттік міндеттемелер де орындалып жатыр, ең бастысы қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып келеді. Бұл үдерісте «Nur Otan» партиясының қызметі маңызды рөл атқарады. Та­бысты жұмыстың үлкен бір бөлігі – тұтас республика, әрбір облыс, қа­лалар мен аудандар үшін жеке-жеке, жергілікті жерлердегі пробле­малық мәселелер нақты көрсетіле отырып әзірленген «Өзгерістер жо­лы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасы.

Бағдарламаның негізін жеті басым бағыт құрайды: экономикалық тұрақты өңір, өмір сүруге қолайлы өңір, әлеуметтік бағдарланған өңір, жастарға арналған өңір, тарихы мен мәдениеті бай өңір, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз өңір. Сайлауалды бағдарламада 1 455 іс-шараны іске асыру көзделген, оларды бақылау үшін нақты инди­каторлар айқындалған.

ӨНЕРКӘСІБІ ӨРГЕ БАСҚАН ӨҢІР

Өндірісті ұлғайтудың маңызды құралы – Кәсіпкерлікті қолдау кар­тасы. Оның шеңберінде 2010 жылдан бастап 2,3 триллион теңгеге 93 жоба іске асырылуда және облыс бойынша 21 мың жұмыс орнын құруды көз­дейді. Бүгінде 768,9 миллиард теңгеге 55 нысан пайдалануға берілді, 9 мың жұмыс орны құрылды. Биыл өнер­кәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және энергетика салаларында 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы 471,4 миллиард теңгеге 15 инвес­ти­ция­лық жобаны іске асыру көздел­ген. Оның ішінде бес жоба іске асы­рылып, 1 100 жұмыс орны ашылды.

Осы жылдың 1 қазанында Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақтоғай КБК-де құны 396 миллиард теңгені құрайтын жаңа кен байыту фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде, 700 тұрақты жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын катодты мыстың өңдеу қуатын жылына 25-тен 50 миллион тоннаға дейін арт­ты­руды көздеп отыр. Семей қала­сында Qazaq-Astyq Group ЖШС-ның қуаты 300 мың тонна шикізат болатын май экстракциялық зауыты пайдалануға берілді. Жобаның құны – 7,9 мил­лиард теңге, 240 жұмыс орны ашыл­ды. Өскеменде наубайхана пайда­лануға берілсе, Зайсан ауданында артезиан ауызсуы мен алкогольсіз газдалған сусындар өндірісі жұмы­сын бастады. Жыл соңына дейін қосымша 2,3 мың жұмыс орнын құра отырып, 65,8 миллиард теңгеге тағы 11 жоба іске асырылатын болады.

Ауқымды жобалардың бірі – 320 жұмыс орнын құруды көздейтін, құ­ны 37 миллиард теңгеге жоспар­лан­ған «Қазмырыш» ЖШС. Мұнда До­лин-Обручев кенішінің өнім­ділігін арттыру (1-кезең) және Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу жо­с­парланған.

Экономиканың өсуі халықты әлеу­меттік қолдау бойынша қабыл­данған шаралармен үйлесім тауып, еңбек нарығында тұрақтылықты сақ­тауға мүмкіндік берді.

«Жұмыспен қамтудың Жол кар­тасына» енгізілген жобаларды іске асыру жалғасады. Жалпы сомасы 22,3 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде 676 жұмыс орнын құ­руды көздейтін құны 9 миллиард теңгеге жоспарланған 9 инфрақұ­ры­лымдық жоба бар. Жыл басынан бері 26,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 12,1 мың орын. Жыл соңына дейін қосымша 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Жұмыс­сыз­дық деңгейі 4,8%-дан асқан жоқ (ҚР бойынша – 4,9%). Орташа айлық жалақы 18%-ға өсіп, 216 мың теңгені құрады. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық шығыс жастары жұмыспен қамтылды. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткішін 3,4% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді.

Шығыс Қазақстан облысында халықтың 37,3%-ы немесе 506 мың­нан астамы ауылдық жерлерде тұ­ра­ды. Цифрландыруды, өнімді өндіру мен қайта өңдеуде заманауи техно­логияларды енгізе отырып, агро­өнер­кәсіптік кешен қарқынды да­мып келеді. Негізгі мақсат – «Егіс­тіктен сөреге дейін» сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз ету. Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 27,8 миллиард теңге, оның ішінде 24,7 миллиард теңге субсидия бөлінді.
Жыл басынан бері ауыл шаруа­шылығы өнімінің жалпы көлемі 127,6%-ға артып, 666,3 миллиард тең­гені құрады. Ауыл шаруашы­лы­ғының негізгі капиталына салынған инвестициялар 170% өсіммен 44,5 миллиард теңгеден асты.

Агроөнеркәсіптік кешенде 174 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Мал шаруашылығы табысты дамуда. 92 бордақылау алаңы, 69 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Шемонаиха ауданында «Рулиха» ЖШС-мен қуаттылығы жылына 3 мың тонна сүт болатын 600 мал ба­сына арналған сүт-тауар ферма­сы­ның құрылысы аяқталды. Кәсіпорын мал басын одан әрі 1 080 басқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Экс­порт­тық әлеуетті арттыру және ет өнімдерін қайта өңдеу мақсатында осы жылы қосымша 6 мың басқа арналған үш бордақылау алаңын са­лу жоспарланған. Ұлан ауданындағы «Көкжал» шаруашылық қожа­лы­ғында 5 мың басқа арналған бор­да­қылау алаңының құрылысы аяқтал­ды. Суармалы жерлерді кеңейту мақсатында 2,8 миллиард теңгеге суару жүйелерінің құрылысын салу бойынша бес инвестициялық жоба іске асырылды (UrdzharAgroCompany ЖШС, «Елімай Көкпекті» ЖШС, «Агрофирма Приречное» ЖШС, «Украинка» ЖШС, «Қали­қан­ұлы» ШҚ). Нәтижесінде, қо­сым­ша 795 гектар суармалы жер пай­да­лануға берілді, алдағы жылы оларды 1 563 гектарға ұлғайту жоспарланған. Жалпы, азық-түлік өнімдерінің ба­ғасын ұстап тұру мақсатында облыс­та нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Шағын және орта ауыл шаруа­шы­лығы құрылымдарында делдалсыз саудаға қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Алта» көтерме-тарату орта­лығының құрылысы жүргізіліп жа­тыр (құны 10 миллиард теңге, аяқ­талу мерзімі 2023 жыл). Кәсіп­кер­лер­ге ұн, қант, жұмыртқа, картоп, сә­біз, пияз, қырыққабат бағаларын тұрақтандыру үшін жеңілдікті қарыздар берілді.

Ауыл шаруашылығында үш мың­ға жуық тауар өндірушілер, сауда сатушылар мен сауда өкілдері ең төменгі 7% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдарға қол қойды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 986 жәрмеңкесі өткізілді.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ТУРИЗМ

«Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасында шағын және орта бизнеске назар аударыл­ған. Осы жылы «Бизнестің Жол кар­тасы-2025» бағдарламасы аясын­да 35,6 миллиард теңгеге 1 188 жоба субсидияланды, 10,7 миллиард тең­геге 573 жоба кепілдендірілді, 265,6 миллион теңгеге 55 грант берілді. Кәсіпкерлердің ауқымды жобаларын іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп, «Ақ Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікті қаржыландырудың өңір­лік бағдарламасы іске асырылып келеді. Жыл басынан бері 89 жоба бойынша 35 кәсіпкерге, жалпы сомасы 1,7 миллион теңгеге несие ұсынылды. Импортты алмастыру өндірісін кеңейту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 45,4 миллиард теңгеге 272 жоба қаржыландырылды, 43,2 миллиард теңгеге 206 жоба субсидияланды. Қар­жылық емес қолдау шаралары шең­берінде «Бастау-Бизнес» ком­по­ненті бойынша бизнес жүргізу не­гіздеріне 1 944 адам оқытылды. Нә­ти­желі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың «Ең­бек» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында шағын қалалар мен ауыл­дарда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2,7 миллиард теңгеге 678 шағын несие берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бо­йын­ша 300-ден астам жастар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. «Еңбек» бағ­дарламасы аясында 400 жас жалпы сомасы 233 миллион теңгеге грант алды, жыл соңына дейін жастардың бизнес бастамаларын қолдау үшін қосымша сомасы 105 миллион теңгеге 181 грант берілетін болады. Гранттық қолдаудан басқа 29 жасқа дейінгі 50-ден астам адам 259 мил­лион теңге сомаға несиемен қамта­масыз етілген.

Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмыс істеп тұрған ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 8,7%-ға, өндіріс көлемі 25,3%-ға артты. Кәсіпкерлік объектілеріне инженерлік-комму­ни­кациялық инфрақұрылым тарту бойынша 17 жоба іске асырылып жатыр, олардың 10-ы жыл соңына дейін іске қосылатын болады.

Өңірде туризм саласына ерекше көңіл бөлінеді. Туризмнің емдік-сауықтыру, қысқы, киелі, ауылдық, экологиялық, этнографиялық және гастрономиялық түрлері дамып келеді. Туристерді орналастыру орын­дарының санын ұлғайту, ку­рорттық аймақтардағы демалыс базаларын, тарихи және киелі сәулет орындарын абаттандыру, туристік маршруттар санын ұлғайту және көр­сетілетін қызметтер тізбесін ке­ңейту есебінен туристер ағынының жыл сайын кемінде 3 пайызға өсуі күтілуде. Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында сауықтыру және жаға­жай туризмі қарқынды дамып келеді. Биыл 962 төсек-орындық 19 жаңа демалыс базасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 800 төсек-орынға арналған 5 демалыс үйінің құрылы­сын аяқтау жоспарланған. Катон­қарағай ауданында санаторлық-курорттық емдеу қызметін кеңейту мақсатында 130 төсек-орынға ар­налған қонақүйлердің құрылысы аяқ­талды. Киелі жерлерге байла­ныс­ты туризм де маңызды рөл атқарады. Бүгінде тарихи орындарға баратын 27 туристік маршрут әзірленді: «Жи­дебай-Бөрілі» Абай кесенелері, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, қасиетті Қоңыр әулие үңгірі және «Алтай та­биғатының кереметтері» Катон­қа­рағай табиғи қорығы, «Ақ бауыр» шат­қалы және тағы басқалар. Техно­туризм саласы да дамып келеді. Кур­чатовтағы Ұлттық ядролық орта­лыққа барғысы келетіндер саны өт­кен жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 1 396 адамға жетті.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ИГІЛІГІ

Облыстың дамуында сапалы жол-көлік логистикасы ерекше ма­ңызға ие. Осы жылы Өскемен қала­сындағы, ал 2022 жылдың бірінші жартысында Үржар ауылындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталады. Алдағы уа­қытта Зайсан қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жоспарланған. Инфра­құрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шең­берінде Бұқтырма су қоймасы арқы­лы өтетін көпір салу, Семей қала­сында автожол көпірін салу сияқты жалпы инвестиция көлемі 218 миллиард теңгені құрайтын ауқымды жобалар іске асырылатын болады. Қомақты қаражат республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендер жолдарын дамыту­ға, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шалғай ауылдардағы көшелерді жөндеуге бағытталмақ.

2020 жылы жол инфрақұры­лы­мына 86 миллиард теңге, биыл 57,5 миллиард теңге бөлінді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жер­гілікті маңызы бар автожолдардың үлесі жыл соңына қарай 89%-ды құ­райды (2020 жылы – 85%). Биыл 413 шақырым жол жөнделді (оның ішінде ауылішілік жол – 213 шақырым).
Облыста әлеуметтік саладағы басым бағыттың бірі – халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету. Осы жылы 55,1 миллиард теңгеге 63 жоба іске асырылатын болады, оның 48-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспар­ланған.

Шағын ауылдарды ауызсумен барынша қамту мақсатында 52 блок-модульді су тазарту және тарату стансалары орнатылады. Нәти­же­сінде, ауыл халқын орталықтан­ды­рылған сумен қамтамасыз ету жыл со­ңына дейін 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артады. 2025 жылға дейін об­лыстың барлық тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болады. Қосымша 154 ауыл немесе 97,7 мың адам ауызсуға қол жеткізеді.
2,5 шақырым жылумен жабдық­тау және 250 шақырым электрмен жабдықтау желілеріне күрделі жөн­деу және реконструкциялау жүргі­зі­луде. Халықтың өмір сүру сапасының маңызды факторы тұрғын үймен қамтамасыз ету болса, қазір өңірде 280 миллиард теңгеге 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылы 647 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарлан­ған. 4 мыңға жуық отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жеке инвестицияларды тарту есе­бінен құрылыс салушылар 104 мил­лиард теңгеге 86 коммерциялық үй­дің (450,6 мың шаршы метр) құ­ры­лысын жүргізуде. Инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер телімдері ұсынылды.

«Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағ­дарламасы шеңберінде мемле­кеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инже­нер­лік коммуникациялар жүргізіледі. Сондай-ақ осы жылы жеке тұрғын үй құрылысының қарқыны артты, же­ке инвесторлар 15,4 миллиард тең­геге 744 бірқабатты үй салып жатыр.
Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп Өскемен және Семей қалаларында 4,8 миллиард теңгеге көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр. 16,7 мың шам ауыс­тырылды, биылғы жылдың со­ңына дейін тағы 3,8 мың жарық нүк­телері жаңартылады. Осындай жұ­мыстарды барлық аудан орталы­ғында жүргізу жоспарланған.

Экологиялық жағдайды жақсар­ту мақсатында Өскемен ЖЭО-да азот оксидтерінің қалдықтарын азай­ту бойынша жоба іске асты. Рид­дерде «Эталон» фирмасы қалдық­тар­ды кәдеге жаратудың жаңа техноло­гиялары бойынша ішінара қайта өңдейтін қоқыс сұрыптау желісін іске қосты. Күн сайын 70 тоннаға жуық қалдық сұрыпталады. Облыс орталығында қоқысты қайта өңдеу кешенінің құрылысы іске асырылу сатысында.

ДӘРІГЕРЛЕР ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛАДЫ

«Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасына сәйкес шетелдің жетекші клиникаларында онкология, кардиология және кар­диохирургия, инсульт орталықтары, нейрохирургия, медициналық оңалту, акушерлік және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша медици­налық кадрларды оқыту жалғасады.
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 60 маман шетел, яғни Из­раиль, Польша, Ресейдің (Татарстан) жетекші клиникаларында оқып жа­тыр. Ауруларды бастапқы кезеңде анық­тау үшін жыл басынан бері скринингтермен 449,4 мың адам қамтылып, 220 телемедициналық кон­­сультация өткізілді. Семей қа­ла­сында Ядролық медицина орталығы пайдалануға берілді. Облыс орта­лы­ғындағы реанимация, маммология және гинекология, онкология және хирургия бөлімшелерінің опера­ция­лық блогы жаңғыртылды. Қабанбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталуда. Жеті медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерде күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жыл­дың басынан бастап емха­на­ларда 6,7 миллион келушілер тір­ке­ліп, ста­ционарларда емделген жағ­дайлар са­ны 193,8 мың адамға жет­ті. Облыс­тың медициналық ұйым­дарында дә­рі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар.

Өңірдің барлық мектебінде бағ­дарламалау саласындағы білімді жетілдіру мақсатында халықаралық стандарт бойынша мектеп оқушы­лары мен мұғалімдеріне ІТ-құзы­реттіліктер бойынша тереңдетілген бағдарлама енгізілуде. Мәселен, 3D-модельдеу, бағдарламалау және робототехника.

Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, облыстың 250 мектебі жаңа модификация кабинеттерімен жаб­дықталған. 221 білім беру нысанына, оның ішінде шекарамен шектес аудандардағы 25 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың сәуір айы­нан бастап құжаттарды қабылдаудың электронды жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы барлығы 20 930 оқу­шы бірінші сыныпқа қабылданған.

«Жас маман» жобасы бойынша базалық колледждер жанынан алты біліктілік орталығы ашылды. Онда кез келген оқу орындарының сту­дент­тері жаңа құрал-жабдықпен өн­дірістік тәжірибеден өте алады. Жыл соңына дейін тағы 5 орталық ашы­лады. Бұл орталықтарда өнді­рістік тәжірибеден өткен студенттер саны 3 мың адамды құрады.

Елбасының бес әлеуметтік бас­тамасын жүзеге асыру аясында сту­дент жастардың тұрмыс жағдайын жақ­сарту мәселелері шешілуде. Кол­ледждер үшін жоспарланған 7 жа­тақхананың 5-і пайдалануға бері­ліп (1 520 орындық), екеуінің (488 ор­ын­дық) құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Білікті маман» жобасы аясында 410 гранттық орын бөлініп, соңғы бес жылда түлектердің шетелдің жоғары оқу орындарына кетуі бес есеге қысқарды.

Ерекше қажеттіліктері бар адам­дар үшін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталы енгізілді. Ке­дер­гісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымды бе­йімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 258 нысан бе­йімделетін болады.

Сайлауалды бағдарламаға сәй­кес, спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 6 ірі жаңа спорт нысаны (4 ДСК, 2 жүзу бассейні) пайдалануға бер­ілді. Осы жылы 14 спорт ныса­нының құрылысы жүргізілуде (үстел теннисі орталығы, 11 ДСК және 2 спорт модулі – негізінен қазіргі және бұрынғы облыс орталықтарында, шекара маңындағы ауылдарда). Сонымен қатар облыстың барлық қаласы мен ауданында шағын спорт алаңдары, стрит-воркаут алаңдары, хоккей корттары орнатылып жатыр.

ТАРИХЫ ТЕРЕҢНЕН ТАМЫР ТАРТҚАН АЙМАҚ

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында елдің алдағы кезеңіне арналған әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының басым мақсаттары белгіленген. Елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға маңызды рөл берілген.

2016 жылдан бастап Шығыс Қа­зақстан облысында археология са­ла­сындағы ғылыми-зерттеу жұ­мыс­та­рының бағдарламасы жүзеге асы­ры­луда. Осы бағдарламаның арқа­сында Қазақстанның жетекші архео­логтері Зейнолла Самашев пен Әб­деш Тө­леубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстанның бірегей ар­хео­логиялық ескерткіштері – Берел, Еле­­ке Сазы, Шілікті, Көкентау зерттелді. Жұмыс нәтижелері бойынша қола, ерте темір, ерте және кейінгі орта ғасыр кезеңдерін сипаттайтын құнды артефактілер анықталды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 22,5 мыңнан астам жәдігермен толық­тырылды. Зерттеу нәтижелері бүкіл Еура­зия кеңістігіндегі ғылыми қо­ғам­­дастықтарда мойындалды.

2021 жылғы 27 қыркүйек пен 2022 жылғы 27 қаңтар аралығында Ұлы­британия және Солтүстік Ир­ландия Біріккен Корольдігі Кем­бридж университетінің Fitzwilliam мұражайында «Ұлы дала алтыны» атты көрме келушілер назарына ұсы­нылады. Көрмеге ата-бабалары­мыздың мәдени және археологиялық жетіс­тіктерін сипаттайтын алтыннан жа­салған 15 мыңнан астам артефакт қойылған. Бұл көрме қалың жұрт­шылық пен ғылыми қауымдастықты бірегей жәдігерлермен таныстырып қана қоймай, Қазақстан мен Ұлы­британия Корольдігі арасындағы мультимә­дени алмасу тізбегінің бір буынына айналды. Осылайша, біз әлемдік қоғам­дастық үшін Ұлы дала көшпенділері тарихының жаңа беттерін ашып ке­леміз, олар біздің ата-бабала­ры­мыз­дың әлемдік өркениеттің қалып­тасуына қандай үлкен үлес қосқанын көрсетеді.

2018 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» кітап сериясы» жобасы іске асырылып жатыр. 52 мың да­надан астам кітап жарыққа шығып, оның ішінде жергілікті авторлардың, сондай-ақ облыстың жас ақындары мен жазушыларының шығармалары да бар. Бұл кітаптар облыстың бар­лық кітапханасын толықтырды, ал электронды нұсқалары Қазақ ұлттық электронды кітапханасында (ҚазҰЭК) орналастырылды.

«Nur Otan» партиясының «Өзге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарла­ма­сын орындау жөніндегі облыстық Жол картасы аясында мәдениет ны­сандары құрылысының 7 жоба­сын іске асыруға 2 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде 4 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет нысаны тапсырылады.

Облыс Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының сабақтастығын сақ­тай отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ­стан халқына Жолдауында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­­дарламасында белгіленген міндет­терді табысты жүзеге асыруда деп сеніммен айтуға болады. Елі­міздегі 30 жыл тұрақтылық пен та­бысты даму алдағы уақытта да мем­леке­ті­міздің және азаматтардың мүдделе­ріне сай әрекет ете отырып, ұлттық мақсат­тарға сенімді түрде қол жет­кізуге, ұтымды шешімдер қа­былдауға мүм­кін­дік береді. Мемле­кеттік ор­ган­дар­дың бар­лық ресурсы әлеу­мет­тік мін­деттерді шешуге және тиімді эко­номикасы мен заманауи инфра­құ­ры­лымы бар өңірде өмір сүруге қо­лай­­лы жағдай­лар жасауға бағытталған.

Даниал АХМЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы
Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

17.12.21, 20:53

Өскеменде "Oskemen Cup" қалалық турнирі өтеді

17.12.21, 18:00

ШҚО-да келер жылы екі жер үсті өткелі салынады

17.12.21, 17:07

ШҚО-ның екі ірі қаласында бейнеталдау жүйесі құрылады

17.12.21, 16:31

ШҚО-ның ірі қалаларында 2022 жылы қандай өзгерістер болады?

17.12.21, 15:41

Алаяқтардан сақ болыңыз!

17.12.21, 15:01

Алдағы жылы 13 жол жөнделеді – ШҚО

17.12.21, 14:17

Тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген - ШҚО

17.12.21, 14:05

"Екі миллиард бөлінді" ШҚО-да тағы бір маңызды жол жаңартылады

17.12.21, 13:04

Өскемен-Семей тасжолы жаңартылатын болды

17.12.21, 12:00

ШҚО-да 2022 жылы атқарылатын жол жұмыстарына қаржы бөлінді

17.12.21, 11:14

Семей тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатамын деп алаяққа алданды

17.12.21, 10:33

ШҚО-да жел электр станциясы ашылды

17.12.21, 10:29

ШҚО-да шектеу шаралары жыл аяғына дейін ұзартылды

17.12.21, 09:21

Өскемендік "Алтай" әлем чемпионатын сәтсіз бастады

17.12.21, 09:02

Семейде 20 отбасына баспана кілті табыс етілді

16.12.21, 19:01

Жаңа Бұқтырма кентінде баспана кілттері табысталды - Алтай

16.12.21, 18:44

ШҚО-да БАҚ және этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды

16.12.21, 18:21

Тәртіп сақшылары "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен марапатталды

16.12.21, 17:51

Республикалық байқаудың жеңімпазын құттықтады - Алтай ауданы

16.12.21, 17:14

Алтай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған концерт өтті

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

17.12.21, 20:53

Өскеменде "Oskemen Cup" қалалық турнирі өтеді

17.12.21, 18:00

ШҚО-да келер жылы екі жер үсті өткелі салынады

17.12.21, 17:07

ШҚО-ның екі ірі қаласында бейнеталдау жүйесі құрылады

17.12.21, 16:31

ШҚО-ның ірі қалаларында 2022 жылы қандай өзгерістер болады?

17.12.21, 15:41

Алаяқтардан сақ болыңыз!

17.12.21, 15:01

Алдағы жылы 13 жол жөнделеді – ШҚО

17.12.21, 14:17

Тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген - ШҚО

17.12.21, 14:05

"Екі миллиард бөлінді" ШҚО-да тағы бір маңызды жол жаңартылады

17.12.21, 13:04

Өскемен-Семей тасжолы жаңартылатын болды

17.12.21, 12:00

ШҚО-да 2022 жылы атқарылатын жол жұмыстарына қаржы бөлінді

17.12.21, 11:14

Семей тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатамын деп алаяққа алданды

17.12.21, 10:33

ШҚО-да жел электр станциясы ашылды

17.12.21, 10:29

ШҚО-да шектеу шаралары жыл аяғына дейін ұзартылды

17.12.21, 09:21

Өскемендік "Алтай" әлем чемпионатын сәтсіз бастады

17.12.21, 09:02

Семейде 20 отбасына баспана кілті табыс етілді

16.12.21, 19:01

Жаңа Бұқтырма кентінде баспана кілттері табысталды - Алтай

16.12.21, 18:44

ШҚО-да БАҚ және этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды

16.12.21, 18:21

Тәртіп сақшылары "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен марапатталды

16.12.21, 17:51

Республикалық байқаудың жеңімпазын құттықтады - Алтай ауданы

16.12.21, 17:14

Алтай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған концерт өтті

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: