Шығысқазақстандықтарға жаңа жылды отбасының ортасында қарсы алу ұсынылды
27.12.2021 | 12.51
0
37
ШҚО-да вакцинация, науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулау және шектеу шараларын сақтаудың арқасында CОVІD-19 инфекциясын жұқтырғандар азайып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәлімдейді.
Осы жылдың 8 қарашасынан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс тұрақты түрде «жасыл аймақта» тұр.
- Десе де Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы – «омикрон» анықталғаны белгілі. Ол көптеген елдерге таралып кетті. ДДҰ зерттеулері көрсеткендей, жаңа штамм қауіпті және «дельта» нұсқасына қарағанда тез жұғады. Әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты жұртшылықты Жаңа жылды отбасы ортасында атап өтуге шақырамыз. Үлкен іс-шараларды өткізуден бас тартып, карантин талаптарын қатаң сақтаған жөн, – делінген ақпаратта.
Комментарии (0)