Шығысқазақстандықтар эндокринолог дәрігерлерден тегін кеңес ала алады
10.11.2021 | 11.20
0
43
Облыс орталығындағы жетекші клиникалардың бірінде Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне арналған Ашық есік күні өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара аясында келушілер қант диабеті мәселелері бойынша жоғары білікті эндокринолог дәрігердің тегін кеңесін ала алады. Сондай-ақ диагнозы қойылған пациенттерге арналған қант диабеті мектебіне бара алады.
Барлық ниет білдірушілерді 13 қараша күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 70 мекенжайында орналасқан CityMed клиникасында күтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7232) 41-41-51; +7705 128 25 09.
Комментарии (0)