Шыбын жан (әңгіме)

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Шыбын жан (әңгіме)

0

124

Үш күн бойы ұйықтай алмаған Бауыржанды келіншегі таң атар-атпастан ауруханаға балаша жетектеп апарған. Таныс дәрігердің әрі-бергі тексерісінен кейін «денсаулығында еш кінәрат жоқ, аздап жүйкесі жұқарған, қан-қысымы мен жүрек соғысы қалыпты» - деген жауап алғанда Сания күйеуіне күдіктене қараған.

Көз ілмегеніме бірнеше күн болды ғой, - деді Бауыржан дәрігерге, тым құрымаса аптаның соңында үйде болайын, бюллетень жазып бермейсіз бе?

Дәрігер жігіт мырс етіп күлген. – «Сіздің еш ауруыңыз жоқ, аға».

Сания күйеуін қолтықтап аялдамаға келе жатыр. Екеуі де үнсіз.

-Осы дәрігерлер қызық, ашейінде ауырмайтын жеріңді тауып алады да, ұйқым қашып, менің шаршағанымды неге түсінбейді екен, - деді.
Келіншек орнында кілт тоқтай қалып, мойылдай әдемі көздері шарасынан шығатындай болып біраз тұрды да, - Білемін сенің ауруыңды, ана диктор қызды ұмыта алмай жүрсің ғой, баяғыда Мерейдің үйіндегі есіңде ме? – деп сұрады?
-?
-Мен білемін ғой, әне дәрігер де айтты он екі мүшеңнің сау екенін, мә, ақша, обедіңді сол жерден ішесің, кешке кеп уйықтайсың, кешігіп келуші болма.
Бауыржан үндемей аялдамаға қарай аяңдады.

Күн көтеріліп кеткен еді. Кешігіп келген оны хатшы қыз жан ұшыра іздеп жүр екен.
-Оңдасынович, вы что, қайда жүрсіз, түс болды, ертең прямой эфир, сіз болсаңыз жүрісіңіз мынау, - деп төпелеп жатыр. – Тез Нұржан Жалғасовичке барыңыз.

Екінші қабатқа асықпай көтерілді. Әдеп бойынша бастықтың есігін екі рет қақты да кірді. Екі оператор жігіт отыр.
- А, кел кел, Бауке, - деді курстасы. – Ертең тікелей эфир, өзіңнің өңің боп-боз ғой, тыныштық па?
Ешқандай жауап қатпай, шеткі орындыққа жайғасты.

Курстас бастығы екі операторға тез-тез тапсырма берді де, телефонмен сөйлесе бастады. Басы солқ-солқ етеді. Не ойлап отырғанын өзі де білмейді. Мең-зең. «Әй, көке, саған не болған?» деген курстасының даусы шыққанда селк ете түсті.
- Ештеңе.
- Ештеңе болмағаны көрініп тұр, дәрігерге бармадың ба?
- ?
- Әлде, үйде бірдеңе боп қалды ма?
- ?
- Әй, көке, айтсаңшы не болғанын, бір жерің ауырып жүр ме, ертең ана тікелей эфирді өткізіп тастайық, сосын жұмыс жеңілдейді ғой, шыда енді, кезекті демалысыңды аларсың да, қайын жұртың Түлкібасқа барып, Шымкенттің салқын сырасын бір сілтеші. Әлде ақшадан тарығып жүрсіңдер ме, айтсаңшы.
- Егер де сенсең, - деді досына қарап, - үш күн болды ұйықтамадым, тіпті кірпігім айқасар емес, дәрігерге барсам сап-саусың дейді. – Сания болса...
- Түсіндім, түсіндім, - деді курстасы. – осы ертеңгі жұмысты бітірейікші, бәріңе премия жазып берем, Санияның да көңілін табасың, өзіңнің де құлағың тыныш болады. Саспа...

Сол күні Бауыржан тағы да ұйықтамаған болатын. Келіншегі болса бұған шындап жаны ашып: - папасы-ау, ертең дәрігерге қайта барайық, - деді. Ол басын шайқады «ертең жұмыс».

Сарыла күткен таң да атты. Кезекші көлік есіктің алдында тебініп тұр екен, мініп алып жұмысына қарай зымырады. Кең студия ішіндегі асай-мүсейлерді тексеріп, режиссермен жоспарды қайта-қайта пысықтап болғанша, бес-алты көлік мінген қонақтар да келіп қалды.
«Тишина. Эфир.»

Бір сағаттық жұмыс бүкіл ұжымды аяқтарынан тік тұрғызды. Ол да бітті-ау. Өңкей бауырынан жарыған жүзіктің көзінен өтетіндей сұлу көліктеріне мініп шетелдік қонақтар да шаңдатып жөнеп-жөнеп берді. Бастықтың бөлмесі. Жарқылдаған әріптестері. Көз жасын бір сығып алған режиссер келіншектен кейін сөз алған диктор қыз «осы Бауыржан ағамыз болмаса» деп орнынан тұрды да өзін құшақтап, бетінен сүйіп-сүйіп алды. Француз әтірінің иісі мұрнын жарып жіберердей болды. Көңілін қытықтады.

Бастығынан рұқсат сұрамай, аяңдап аялдамаға келіп, автобусқа отырды. Жан-жағына қарайды. Бәрі бақытты адамдар сияқты, өйткені түнімен тыныш ұйықтаған адамдарға ұқсайды. Бауыржан өзін-өзі жалғыз сезінді. Көңілі жетім. Үшінші қабатқа лифтісіз көтерілді. Есікті келіншегі ашты.
- Ия, ия, көрдім. Тікелей эфирлерің өте жақсы өтті. Ана хабарды жүргізген диктор қыз да әбден төселіп қалыпты-ау, сенің арқаң ғой деп. Қайтеміз, елге жақсылық істемей жүрмейсің ғой, ол да дұрыс шығар. Сания гүлді халатының жағасын қозғап-қозғап қойды. - Шайың дайын тұр.

Дәлізде тұрған киімілгішке костюмі мен галстугін ілген болды. Ас үйге кіргенінде келіншегі мұрынын пыс-пыс еткізіп бұған жақындай берді. – Әй, сен қатындардың иіссуын сеуіп алғансың ба? – деді. Деуін деді де, куйеуінің жағасындағы қып-қызыл ерін далабын көрді де, қолындағы карлен кесесін жерге түсіп кетті.

Быт-шыт...
Үш күннен кейін диктор қыз облыстық телеарнаға ауысып кетті. Сол күні Бауыржан жұмысқа баруға қиналған. Ұялған. Студиядағы ең таңдаулы диктор қыздың басқа қалаға кеткеніне іші удай ашыды. Жұма. Үйінде жалғыз. Ертең сенбі. Демалыс. Ашық тұрған терезеден түймедей бір қара шыбын ұшып кірсін. Ыз-ыз. Қара шыбын ұшып жүр. Ыз-ыз. Қалың газетті бүктеп алып, үш бөлменің ішінде қара шыбынды ұзық қуды. Сүрінді. Құлады. Бір кезде жалп еткізді-ау. Ал кеп есінесін. Көзі жұмыла берді. Ертеңінде түсте бірақ тұрды. Сания телефонмен сөйлесіп жатыр. «Мен айттым ғой, ол қыздың көзін құртамын деп. Нұржан Жалғасовичке айтып едім...»

Ол төсегінен жеңіл тұрды. Көзі кеше ғана газетпен ұрып өлтірген шыбынға түсті. Жерден іліп алып, ұзақ қарады. Сания құрбысымен әлі сөйлесіп жатыр. Күліп қояды.

Бауыржан шыбынды қолына ұстап ұзақ қарады. «Е – деді» іштей, «біреу өлмей, біреуге күн жоқ екен ғой...»

Мәлімет көзі:Талғат Кеңесбаев

Сондай-ақ қараңыз: Жаңалықтар

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

05.07.22, 12:01

Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

05.07.22, 12:00

ШҚО тұрғындары бизнесті онлайн тіркей алады

05.07.22, 11:32

Өрттің одан әрі таралмауына демалушылар ерекше күш салды – куәгерлер

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 13:33

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін, 12:36

Коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бүгін, 12:16

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынды

Бүгін, 11:03

Өңірлер мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Бүгін, 10:30

Қазақстандықтар астана күнін атап өтіп жатыр

Бүгін, 10:13

Бүгін Секен Тұрысбектің концерті өтеді - Өскемен

Бүгін, 09:11

Алдағы үш жылда ШҚО-да 19 спорт нысаны салынады

Бүгін, 09:00

6 шілде - елорда күні

05.07.22, 18:04

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

05.07.22, 17:04

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізілмек

05.07.22, 16:32

Доллар бағамы қайта көтерілді

05.07.22, 15:16

АвтоХҚО мен ХҚО 6 және 9 шілде күндері жұмыс істемейді

05.07.22, 14:34

Жаңа Бұқтырма Алтай ауданының туристік орталығына айналмақ

05.07.22, 14:21

«7-20-25»-тің орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 13:08

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

05.07.22, 12:44

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

05.07.22, 12:11

ШҚО жолдарында жеті мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

05.07.22, 12:01

Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

05.07.22, 12:00

ШҚО тұрғындары бизнесті онлайн тіркей алады

05.07.22, 11:32

Өрттің одан әрі таралмауына демалушылар ерекше күш салды – куәгерлер

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: