Сібір елігін заңсыз атқан адам ұсталды - ШҚО
20.01.2022 | 10.14
0
47
Желтоқсан айының соңында Жарма аудандының полиция қызметкерлері «Семей Орманы» РММ-мен бірлесіп Қалбатау ауылының маңындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта патрульдеу жүргізген. Нәтижесінде сібір елігін заңсыз атқан 53 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғыны қолға түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға орнынан шыққан жедел-тергеу тобы «Ranger» қарда жүру көлігін, 20 калибрлі «Сайга» мылтығы, 7, 62 мм калибрлі «BROWNING» мылтығы, сондай-ақ бір елік ұшасы тәркіледі.
Келтірілген залал 2 000 000 теңгеден астам сомаға бағаланды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337 – бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)