Өскемен. Абай күні. QR-кодты кітап көрмесі
11.08.2021 | 17.11
0
102
Өскеменде Абай күнінде ерекше онлайн кітап көрмесі ашылды. Ерекше дейтініміз, оқырмандар Ұлы ақынның шығармаларын QR-код арқылы оқыды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ерекше көрмені Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды.
– Абай күніне орай онлайн кітап көрмесін бір апта бойы ұйымдастырамыз. Қазір QR-код көрмесін кітапханамыздың барлық сайттарына жарияладық. Енді оқырмандарымыз кітапханаға келмей-ақ, онлайн кітап оқуына болады. Абай шығармашылығын заман талабына сай насихаттауды қолға алып отырмыз. Кітапханашылардың міндеті – қаламгерлер мен оқырманның ортасына көпір болу. Сонымен қатар, жастардың ойымен трамвайларда да ақынның шығармашылын ұлықтау мақсатында өлеңдерін, қара сөздерін жазып, толықтырып жатырмыз, - дейді Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиынбаева.
Көрме бірнеше жерде ашылғанын айта кетейік. Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында, «Император» сауда кешенінде және қала әкімдігінде.
Комментарии (0)