Өскемен – демалыс үшін жайлы қала
19.12.2021 | 09.18
0
38
2019 жылы «Самал» табиғи-спорттық паркі пайдалануға берілді. Мұнда серуендеу алаңы, жүгіру және велосипед жолдары, спорт және балалар ойын алаңдары, жағажай аймағы жабдықталды. Қазір бұл парк барлық жастағы Өскемен тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.
Сол жыл қала тұрғындары үшін тағы бір оқиғамен есте қалды – облыс орталығында Арбат пайда болды, онда субұрқақтар, балалар спорт алаңдары бар жаяу жүргіншілер аймағы, орындықтары мен шатырлары бар демалыс аймақтары жабдықталған.
Өткен жылы 19-шы шағын ауданда жаңа аллея ашылды. Жаяу жүргіншілер аймағы жергілікті тұрғындарға бірден ұнады, өйткені ол жерде де жақсы демалу үшін жағдай жасалған – спорт және ойын алаңдары, орындықтар мен үстелдер және «Оskemen» деп жазылған кереметтей суретке түсетін орны бар.
Славский атындағы Ертіс жағалауы, Н.Назарбаев даңғылындағы үш сквер мен жаяу жүргіншілер аймағы, Республика алаңындағы музыкалық субұрқақ абаттандырылды.
Сондай-ақ 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан «Нұрлы жол» саябағы, сол жағалаудағы этнопарк және «Қазақстан» жазуы бар таудағы демалыс алаңы да қаламызға ерекше көрік беріп тұр. Қасым Қайсенов пен Жамбыл Жабаев саябақтары да гүлденіп, көркейе түсті.
Комментарии (0)