Өскемен әкімі тұрғындарды пікір білдіруге шақырды
06.12.2021 | 18.08
0
30
Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарын алдағы жылдың жұмыс жоспарына қатысты өз пікірлерін білдіруге шақырып, сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жыл сайын қалада жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен оң жақ төте бұрылыстарды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Дәстүрлі түрде осы шараларға қатысты алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын құру кезінде әкімдік тарапынан тұрғындардың пікірі ескеріледі. Сондай-ақ, жол полициясының кеңестері де негізге алынады.
Қала ішінде тағы қандай жерлерде жаңа тротуарлар мен төте жолдар қажет екені жайлы пікірлеріңізбен Өскемен әкімі Жақсылық Омардың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында бөлісуге болады. Барлық пікірлерді әкімдік және полиция органдарының мамандары талдаудан өткізіп, соның негізінде 2022 жылға арналған жұмыс жоспары құрылады.
Айта кетсек, жоба қолға алынған кезден бастап қалада 40-тан астам оң жақ төте бұрылыстар жасалған.
Комментарии (0)