Өскемен әкімі Жаңа Ахмер тұрғындарымен кездесті
18.01.2021 | 09.30
0
144
Өскемен әкімі сенбі күні жұмыс сапарымен қаладағы жаңа сауда нысандары мен азық-түлік әлеуметтік бағада сатылатын дүкендерге барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Fresh Market сауда орталығының аумағында дәстүрлі жәрмеңке өтіп жатыр. Біз жәрмеңке өтетін учаскенің мәртебесі туралы мәселені көтергіміз келеді. Ұзақ уақыт бойы бұл жер жеке адамдардың қолында болды. Бірақ қандай да бір құрылыс үшін де пайдаланылмады. Бұл жерді алып, абаттандырып, ауыл саудасы үшін таптырмас орын жасауға болар еді. Сондықтан мен жер қатынастары бөліміне осы мәселені пысықтауды тапсырдым, – деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Сондай-ақ қала басшысы «A-Store» супермаркетіне барды. Мұнда кез-келген тауар әлеуметтік бағамен сатылады. Мысалы, бір бөлке нан – 85 теңге. Тауық етінің бір келісі 790 теңге, қант келісі 299 теңгеде, күріш келісі 270 теңге. Сүт өнімдері және күнбағыс майы да нарықтық бағадан әлдеқайда арзан.
Осыдан кейін қала әкімі Жаңа Ахмер кентінің тұрғындарымен кездесті. Өткен жылы Қорғаныс министрлігі жергілікті қазандықты қаланың балансына берген еді. Осылайша аудан тұрғындарын алаңдатып келген жылыту мәселесі шешілді.
– Көптеген жылдар бойы бұл жердегі пәтерлердің температурасы 15 градустан аспаған. Қазір жөндеуден кейін температура режимі қалпына келді. Сондай-ақ, тұрғындар бірқатар қосымша сұрақтар қойды. Осы мәселелерді шешу үшін біз кент мәселелері жөніндегі комиссия құрамыз. Сол арқылы жоспарлы жұмыстар жасалады, – деді Жақсылық Омар.
Комментарии (0)