Өскемен мен Ұлан ауданында екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
27.01.2021 | 12.00
0
130
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда боран-шашын, желдің ұйытқуына байланысты Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті мен Украинка ауылында 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді.
- Өскеменде сынап бағанасы -9, ал желдің жылдамдығы 12 м/с, қаланың 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды. Дәл осындай көрсеткіш Қасым Қайсенов кенті мен Украинка ауылында да көрсетіп тұр. Мұнда 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ШҚО ТЖ бойынша департамент баспасөз қызметі.
Комментарии (0)