Өскемен-Риддер тасжолында КамАЗ аударылып қалды
03.11.2021 | 10.19
0
210
Өскемен-Риддер тасжолында бөрене тиелген КамАЗ аударылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол апаты Глубокое ауданына қарайтын Зимовье ауылының тұсында болған.
Полицияның мәлімдеуінше, жүк көліктің жүргізушісі аман-есен.
– Жүргізуші метеорологиялық жағдайды көре тұра, жылдамдықты бәсеңдетпеген. Апат соның салдарынан болды, – дейді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Комментарии (0)