Өскемен тұрғыны Алакөлдің балшығын сатып жатыр
19.08.2021 | 09.50
0
199
Өскемен тұрғыны әлеуметтік желіде ерекше ұсыныс жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол бес литрлік пластикалық бөтелкеге толтырылған балшықты сатпақ.
– Бұл Алакөлдің емдік қасиеті бар балшығы. Мұны қолданғаннан кейін теріңіз жасарып, серпімді және сау болады. Сонымен қатар көптеген тері ауруларын емдеуге көмектеседі, – деп жарнамалады ол тауарын.
Оның айтуынша, «ғажайып балшықтың» бір келісі – 2000 теңге.
– Алакөлдің балшығы бұған дейін де сатылып келген. Жергілікті тұрғындар мұнымен көптен бері айналысады. Олар балшықтың келісін 1000 теңгеге сатады, – дейді «саудагер» қала тұрғыны.
Комментарии (0)