Өскемен тұрғыны аю атып алды
15.11.2021 | 11.04
0
50
Облыс орталығының тұрғыны Тарханка ауылының маңында аю атып алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлері заңсыз аң аулаушы 51 жастағы тұрғын екенін анықтады.
– Ол аюдың табандарын сатпақ болған көрінеді. Ал етін үйіне алып кеткен, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Залал сомасы есептеліп жатыр.
Комментарии (0)