Өскемен тұрғыны төбесі құлаған үйде бір апта жатып қалды
23.11.2021 | 20.18
0
59
Өскемен тұрғыны төбесі құлаған үйден бір апта бойы шыға алмай қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
22 қарашада 112 арнасына ер адамның бірнеше күн бойы үйінен шықпай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен
Жедел-құтқару отряды мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үйдің ішінен 71 жастағы ер адамды алып шықты. Анықталғандай, баспананың төбесі опырылып түсіп, үй иесі сынықтар мен құлаған заттардың астында қалып қойған екен. Осылай жатқанына шамамен бір апта уақыт болған.
Зейнеткер жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, бірден ауруханаға жеткізілді.
Комментарии (0)