Өскемен заманға сай жаңғыртылуда
18.12.2021 | 14.06
0
30
Мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында 2019 жылдың қарашасында Өскемен қаласында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені құрылған болатын. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Сергек» жүйесі биылғы қараша айына дейін қалада 295 970 жол ережелерін бұзу деректерін тіркеген.
«Сергек» арқылы ашылып жатқан ұрлық-қарлық, наркотиктерді сақтау, тәртіпсіздік, тағы да басқа құқық бұзушылықтар да өте көп.
Қалалық қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру белсенді қолданылып келеді. Бұл жоба беларустық ІТ-алыбы ІВА мен мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылған. Енді жолаушылар барлық қоғамдық көліктерде бірыңғай Oskemencard картасымен есеп айырысуда.
Облыс әкімдігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп қалада жүзеге асырылып жатқан төрт жобаны несиелендіру бойынша келісімге отырды. Олар: сумен жабдықтау және су шығару, көшелерді жарықтандыру жүйелері, жылумен қамту және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйелері.
– Көшелерді жарықтандыруды жаңғырту бойынша 12 мыңнан астам көше шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір барлық жұмыстың тең жартысынан астамы орындалды. 2021 жылдың аяғына дейін жарықтандыру жүйесін диспетчерлендіруді іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау көзделініп отыр, – дейді Өскемен қаласының әкімі.Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі бойынша «Оператор РОП» ЖШС-мен бірге жекелеп жинау және сұрыптау үшін алты қалдық тасуға арналған машина мен 1200-ден астам контейнерлер әкелінді. Олардың бәрі орналастырылды, жұмыс істеп тұр.
Қатты қалдықтарды сұрыптау желісіне қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар мен имараттар құрылысы жүргізіліп жатыр.
Комментарии (0)