Өскемен және Шүлбі ГЭС-і неге сатылып жатыр? Даниал Ахметов жауап берді
12.11.2021 | 15.30
0
92
2021 жылдың басында Үкіметтің Өскемен және Шүлбі ГЭС-терін АҚ-ның жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік үлестерін сату бойынша екі кезеңдік процедуралар арқылы тендер өткізу туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, стратегиялық екі нысан шетелдік инвесторлардың қолына берілетіні жөнінде соңғы кездері ақпарат тарады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өзі не дейді?
- Шешім Үкіметтен шығуы керек. Қазіргі таңда шешім туралы жайт маған белгісіз. Мүмкін жергілікті бизнесменге беріле ме, ол жағы белгісіз. Бірақ концептуалды маңызы бар екенін айтып өтейік: Қанша инвестиция біздің елге келеді. Ал жоғарыда атап өтілген гидроэлектрстанциялар 60 жыл бұрын салынған. Қазір өте үлкен жаңғырту жұмыстарын жасау керек. Оған қаржы қай жақтан келетіні жөнінде шешімді аз уақыттың ішінде Үкіметтен еститін боласыздар, - деп жауап берді Даниал Ахметов журналистер сұрағына.
Айта кетейік, бұл мәселе көпшіліктің талқысына түсіп, облыстағы екі бірдей гидроэлектр станциясының (ГЭС) жекенің қолына сатылуын ұлттық қылмыс деп атады. Тіпті, тұрғындар петицияға қол қойып, Президентке ашық хат жолданған. Онда гидротехникалық нысандарды жеке меншікке берудің немен аяқталуы мүмкін екені егжей-тегжейлі жазылған. Тіпті Алматы облысының Қызылағаш ауылындағы жағдай мысал ретінде келтірілген. Қауіпсіздікпен қатар ел-жұртты электр энергиясының болашақтағы бағасы толғандырады.
Комментарии (0)