Өскеменде 170 орындық балабақша ашылды
14.12.2021 | 15.22
0
44
Өскемендегі «Ertis City» тұрғын үй кешенінде 170 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омар «Балдәуреннің» салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кабинеттерді аралап көрді.
Бұл балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасы бойынша ашылады. Жиһазбен және қажетті құралдармен толық жабдықталған. «Балдәуренге» 19-шы шағын аудан мен Ұлан ауданының 1-ден 5 жасқа дейінгі балалары қабылданады. Жеті топ жұмыс істейді.
Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 77 балабақша (37 мемлекеттік, 40 жеке меншік) және 23 шағын орталық бар.
Комментарии (0)