Өскеменде 90-нан астам аула абаттандырылды
07.12.2021 | 14.12
0
48
Аулаларды ауқымды абаттандыруға арналған «Менің аулам» бағдарламасы облыс орталығында 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Сол уақыттан бері қалада 100-ге жуық аула жаңартылып, шамамен 40 аулаға балалар мен спорт кешендері орнатылған.
- Биылғы жылы аулалар мен аула аралық жолдарды жөндеуге қаражат бөлінді. Мониторинг және талдау қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 192 учаскенің тізімі жасалды. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыс қарқынды жүріп жатыр, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Алдағы екі жылда Новаторов, Қабанбай батыр, Буров, Мыза және Ертіс концерт ауданының аумағын жаңарту және абаттандыру жоспарланып отыр.
Комментарии (0)