Өскеменде қаза тапқан сарбаздарды еске алуға арналған шара өтті
10.01.2022 | 11.51
0
37
Бүгін, 10 қаңтар елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Республика бойынша жаппай тәртіпсіздіктер мен митингілер нәтижесінде күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза болып, , ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 800-ге жуық маманы жарақат алған.
Бүгін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде қаза тапқан сарбаздарды еске алуға арналған митинг өтті. Ресми мәліметтер бойынша, ШҚО-да тәртіпсіздік салдарынан 19 сарбаз түрлі жарақат алып, бірнеше адам ауруханада жатыр.
- Әскери қызметкерлер азаматтарды, халықты қорғау жолында өз өмірлерін қиды. Әскери қызметшілердің жұмысы жалғасуда, елімізде ТЖ режимі әлі де сақталуда, сондықтан барлық әскери бөлімдер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Берік Тоқтаров.
Іс-шара бір минут үнсіздікпен аяқталды.
Комментарии (0)