Өскеменде бір тәулікте екі көлік өрті тіркелді
01.03.2021 | 17.00
0
684
Бірінші көлік қозғалыс кезінде, екіншісі жеке үйдің ауласында жанып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
28 ақпан күні Халықтар достығы көшесінде 1990 жылғы Audi автокөлігі отқа оранды. Өрттің жалпы аумағы бес шаршы метрді құрады.
- Екінші жағдай Кривонос көшесінде болды. Жеке үйдің ауласында тұрған 1995 жылғы Toyota RAV4 көлігінен өрт шыққан. Қызыл жалын 45 шаршы метр аумақты жарпыған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Комментарии (0)