Өскеменде екі жігіт телефон үшін темір торға тоғытылды
15.09.2021 | 17.16
0
135
Соңғы уақытта жастар арасында мал ұрлау қылмысы белең алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетерлігі, қолды болған мал чиптелген болса, оны табу оп-оңай. Ал қылмыс жасаған азамат қатаң жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске сәйкес, мал ұрлығының ауырлық дәрежесіне қарай мүлкін тәркілеумен қатар, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Анықталғандай, жастардың көбі өздері қалаған нәрселерін алу үшін қылмысқа барады. Баруы барып, темір торға тоғытылған соң өкініш білдіреді.
Мәселен, ОВ-156/1 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 20 жастағы екі жас жігіт «Iphone» маркалы смартфон алғысы келген. Алайда, ақшалары жоқ. Сөйтіп, олар мал ұрлауға бекінген. Нәтижесі сол, ауылда бірнеше ұсақ малды қолды қылғандары үшін жазаға тартылды.
– Жасөсіпірімдердің көбі заңды ескермей, қылмыс жасайды. Дұрысы, жазаның қаншалықты қатаң екенін білмейді. Тек темір торға түскен соң ғана өкінеді. Алдын ала ойлансақ екен, – дейді Әділет майоры, жедел бөлімінің бастығы М.Бакатбаев
Айтқандай, азаматтардың заңдарды білмеуі, оларды жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан да, мекеме қызметкерлері жасөсіпірмдерді тәртіп бұзбауға шақырады.
Комментарии (0)