Өскеменде ерекше көрме өтіп жатыр
20.03.2022 | 11.20
0
69
Өскемен қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына 28 наурызға дейін экзотикалық өрмекшілер көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews
Көрмеде Америка құрлығынан әкелінген тропикалық құсжегіш өрмекшілердің 28 түрімен таныса аласыздар.
Келушілердің барлығымен жәндіктердің алдындағы үрей сезімінен арылу үшін шеберлік сыныбы өткізіледі. Сіздер өрмекшілердің мінезі мен әрекеті туралы, олармен кездескенде адамдарда неліктен жағымсыз эмоциялар пайда болатыны жөнінде ақпарат алып, өз қорқынышыңызды жеңуді үйренесіздер. Сонлай-ақ, өрмекшілермен тегін фотосуретке түсуге болады.
Билет құны – 1500 теңге.
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 40. Өлкетану мұражайы.
Сеанстардың уақыты:
20-23 наурыз аралығында
1-СЕАНС 13:00
2-СЕАНС 14:20
3-СЕАНС 15:40
4-СЕАНС 17:00
24-25 наурыз аралығында
1-СЕАНС 14:20
2-СЕАНС 15:40
3-СЕАНС 17:00
26-27 наурыз аралығында
1-СЕАНС 13:00
2-СЕАНС 14:20
3-СЕАНС 15:40
4-СЕАНС 17:00
28 наурызда көрме жабылады.
Комментарии (0)