ШҚО-да ежелгі кітаптар мен аспаптардың байқау-көрмесі өтеді
03.12.2021 | 10.42
0
22
Желтоқсан айының аяғында облыс орталығында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ежелгі кітаптар мен музыкалық аспаптардың байқау-көрмесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәдени іс-шараның көмегімен халық шығармашылығының беделін арттырып, музыкалық аспаптар арқылы ежелгі мұраның өзіндік ерекшелігін көрсетіп, азаматтарды өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге тартуды көздейді.
- Байқауға жеке кітапханалардан 1935 жылға дейін шыққан сирек кітаптар мен 1970 жылға дейін дайындалған, жеке меншік, қолдан жасалған қазақ халық аспаптарын қабылдаймыз. Байқау экспонаттарын қазылар алқасы қарайтын болады, - деп түсіндірді кітапхана қызметкерлері.
Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келетін кез-келген мазмұндағы кітаптар мен музыкалық аспаптарды кітапханаға әкелуге болады. Ұйымдастырушылар экспонат иелерінің жұрыс сақталатынына, қайтадан иесіне қайтарылуына және жасырын болуына кепілдік береді. Көрмеге облыстың барлық тұрғындары жас шектеулерінсіз және кәсіби қызметке қойылатын талаптарсыз қатыса алады.
- Экспозицияның ашылуы 20 желтоқсанда, ал қорытындысын шығару мен жеңімпаздарды марапаттау 25 желтоқсан күні кітапханада өтеді. Ең бірегей экспонаттардың иегерлері жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болады. Атап айтқанда, бірінші орынға – 300 мың теңге, екінші орынға – 200 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге беріледі, - делінген хабарламада.
Кітап және музыкалық аспаптарды байқау-көрмеге қабылдау 25 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтеді.
Қатысу туралы толық ақпаратты 8(7232) 25-03-64, 25-17-70, 8(777)855-07-05, 8(702)946-23-21 телефондары немесе О.Бөкей атындағы кітапхананың өзінде Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22 мекенжайы арқылы білуге болады.
Комментарии (0)