Өскеменде Игорь Нанаевты еске алуға арналған ашық чемпионат өтті
28.04.2022 | 16.30
0
70
25-28 сәуір аралығында ҚР спорт шеберіне үміткер Игорь Нанаевты еске алуға арналған баскетболдан Өскемен қаласының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Чемпионат Стахановская көшесіндегі Спортты дамыту орталығында өткізілді.
Жарыс 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында, сондай-ақ ерлер командалары арасында ұйымдастырылған.
Турнирге 8 команда қатысты: оның ішінде жасөспірімдер – 4 команда, ерлер – 4 команда.
Чемпионат қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында жүлделі орындарды иеленген командалар: 1 орын – «БЖСМ», 2 орын – «SHYGYS-2009», 3 орын – «Стрелка».
Ерлер арасында 1-ші орынды «Өскемен» командасы иеленсе, 2-ші орынды - "Ертіс" (Глубокое ауданы), 3-ші орынды - "Ардагерлер" командасы алды.
Комментарии (0)