Өскеменде көпбалалы аналарға «Күміс алқа» тағылды
28.11.2021 | 15.06
0
98
Өскемен қаласының әкімдігінде көпбалалы аналарға «Күміс алқа» тағылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Салтанатты рәсімнің басты кейіпкері болған Тұрсынқан Намазбай, Салтанат Қабдирахимова, Азай Мырза есімді аналар алты-алты бала, Ирина Ярославцева жеті бала тәрбилеп отырғанын айта кетейік.
– Қазір қоғамда аналардың рөлі ерекше. Олар балаға дұрыс тәрбие беру арқылы ел іргетасының берік болуына үлес қосады. Сол себепті мемлекет тарапынан отбасы институтын және оның құндылықтарын сақтау үшін әрқашан зор қолдау көрсетіледі. Сіздерге зор денсаулық және отбасылық бақыт тілейміз, – деп лебіз білдірді әкімдіктегілер.
Комментарии (0)