Өскеменде кәсіпкерлік нысандарды тексеру жалғасуда (фоторепортаж)
01.06.2020 | 13.15
0
3316
Өскеменде жедел топ өкілдері кәсіпкерлік нысандарды тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандар бүгін облыс орталығындағы «VinoGrad» мейрамханасына барып, санитарлық нормалардың қаншалықты сақталғанын тексерді.
Мейрамхананың той-томалақ, банкет өткізетін бірінші және екінші қабаты жұмыс істемейді. Қонақтар негізінен жазғы алаңқайда күтіледі. Бұл жерде қауіпсіздік шаралары жасалған. Айталық үстелдер арасындағы тисті арақашықтық сақталған, кіреберісте антисептикалық құрал орнатылған.
Сондай-ақ мейрамханадаң паб жұмыс істеп тұр. Онда да тиісті талаптар сақталған.
Кәсіпкерлік нысан күніне бірнеше рет дезинфекциялық құралдармен тазаланады. Сондай-ақ мейрамхана қызметкерлері медициналық маска және қолғап киіп жұмыс істейді.
Комментарии (0)