Өскеменде кезекті есірткі тасымалдаушы ұсталды
14.12.2021 | 09.11
0
34
Желтоқсан айының басында полиция қызметкерлеріне Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны Өскемен қаласында есірткі тасымалдаумен, синтетикалық есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.
Жедел іздестурі іс-шарасы барысында аталған күдікті қолға түсті. Тінту кезінде одан жалпы салмағы 9,2792 грамм болатын "альфа-pvp" психотроптық заты және изолентамен оралған 13 түйір ұнтақ түріндегі зат табылып, тәркіленді.
- Сондай-ақ азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3 – бөлігі бойынша есірткі заттарын өткізгені, яғни Петропавл қаласында жасаған аса ауыр қылмыс үшін - 2021 жылдың маусымнан бастап қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүргені анықталды. Ер адам Риддер қаласында жасырынып, өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, синтетикалық есірткі заттарын таратқан, -дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Комментарии (0)