Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды
22.03.2022 | 09.00
0
67
Өскеменде Наурыз мейрамын тойлау бұлақ көзін ашудан басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұлақ көзін ашу – Наурыз мейрамының игі дәстүрі. Қыстан кейін ұйқыдан оянған жерге күш беретін қайнар бұлақ – бұл көктемнің, мерекенің нышаны.
Өскеменде Наурыздың қарсаңында Шешек асуындағы бұлақты тазарту дәстүрге айналған.
- Бірнеше жыл қатарынан Наурыз мерекесін Шешек асуындағы бұлақты тазартудан бастап келеміз. Бүгін бұл ерекше оймен ұштасып отыр. Біз соңғы жылдары көп нәрсені бастан өткердік. Пандемияға қарсы күрес жүргізіп, бір-бірімізге қамқор болуды үйрендік. Ал жақында ғана бізді ешқандай жағдай өз жолымыздан тайдырмайтынын барша әлемге дәлелдедік. Осы көктемгі бұлақ секілді біздің ел де тек алға ғана жылжиды. Бір халық, бір ағын болып. Бірге біз кез келген кедергіні еңсеріп, барлық мақсаттарымызға жете аламыз! – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Комментарии (0)