Өскеменде "Oskemen Cup" қалалық турнирі өтеді
17.12.2021 | 20.53
0
40
18 желтоқсанда Өскемен қаласы әкімінің сыйлығына арналған "Oskemen Cup" бірінші қалалық турнирі өтеді. Жарыс дзюдо, грек-рим және еркін күрес бойынша 2005-2007 жылы туған бозбалалар арасында өткізіледі.
Іс-шараға қала әкімі Жақсылық Омар, Өскеменнің құрметті азаматы, КСРО спорт шебері Жанәділ Атаев, еркін күрес бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы, КСРО спорт шебері, біліктіліктің жоғары деңгейіндегі бірінші санатты жаттықтырушы-ұстаз Василий Попов, грек-рис күресі бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Өскемендегі грек-рим күресінің негізін қалаушылардың бірі Анатолий Милентьев қатысады.
Турнирге үш спорт түрі бойынша Шығыс Қазақстанның барлық аудандары мен қалаларынан келген 18 команда күш сынасады.
Турнир сағат 12.00-де ашылады.
Комментарии (0)