Өскеменде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі артады
22.11.2021 | 16.03
0
49
Соңғы онжылдықта Өскемен қаласында 16000 жаңа абонент ауыз суға қол жеткізді. Қазіргі уақытта 20, 22, 25, 27 және 28-ші тұрғын аудандарға сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Солтүстік Атаман су бөгетіне қосылу есебінен Әуежай және КСМ ауданындағы 1800 үйдің тұрғындары сапалы сумен қамтамасыз етілді. Ново-Троицкое ауылының тұрғындары үшін орталықтандырылған су тәулік бойы қол жетімді болды. Сондай-ақ, сумен жабдықтау және су бұрудың ірі жобалары қаланың басқа шағын аудандарында да іске асырылды.
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Октябрь су тартқышын қайта құру жобасы аяқталды. Ол 50 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз ете алады.
Қаланың күннен күнге өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жаңа Өскемен су қабылдағышының құрылысы жүргізілуде. Красин кентінің, Меновное және Ахмер ауылдарының сумен жабдықтау желілерін, Меновное ауылының кәріз желілерін және Тракторная көшесіндегі кәріз коллекторын қайта құру жұмыстары жалғастырылады.
Сонымен қатар, Прудхоз ауылының сумен жабдықтау желілері қайта құрылады. Бұл 2022 жылға қарай барлық ауылдық елді мекендерге желі тартуға мүмкіндік береді.
Комментарии (0)