Өскеменде «Серпін» бағдарламасы түлектерінің мамандар жәрмеңкесі өтті
18.08.2021 | 15.23
0
109
Алғаш рет өткен мамандар жәрмеңкесіне жұмыс беруші ретінде қаланың білім беру ұйымдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталған іс-шараға қатысушы жұмыс берушілердің назарына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде 2021 жылы педогогика мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған 108 түлектің түйіндемелері және әр түлек жайында қысқаша ақпарат ұсынылды.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Жакупов осы бағдарламаның Өскемен қаласы үшін маңызды екенін, іс-шараның басты мақсаты осы жоба аясында оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру екенін атап өтті. Шара соңында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» «Серпін-2050» жобасы аясында Өскемен қаласының білім ордаларында білім алып жатқан студенттер және түлектермен жұмысты жүйелендіру үшін кешенді жоспар жоспар құрылатындығын хабарлады.
Комментарии (0)