Өскеменде үшем өмірге келді
02.12.2020 | 09.36
0
557
Өскемендегі Ана мен бала орталығында тағы бір үшем өмірге келді, деп сүйіншілейді Алтайньюс тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл осы жылдағы екінші үшем. Үш қызды болған отбасы – Зайсанның Дайыр ауылынан.
– Жыл басынан бері 7183 сәби, оның ішінде 90 егіз дүниеге келді, – деп мәлімдеді Ана мен бала орталығы.
Комментарии (0)