Өскеменде Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық фестиваль өтеді
30.06.2021 | 09.49
0
229
Өскеменде Ұлттық домбыра күніне орай әнші, ұстаз, композитор, Мәдениет қайраткері ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және М.Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Фестиваль барысында шығыстың тумасы, белгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловтың мастер-классы, сондай-ақ, облысымыздағы ұлттық аспаптар жасайтын шеберлердің көрмесі мен мастер-класстары өтеді.
Одан бөлек Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Толғанбай Сембаев, Клара Төленбаева, Секен Тұрысбеков, Әділ Тұрғанбаев сынды еліміздің танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағадарламаны тамашалай аласыздар.
Өтетін уақыты: 2 шілде, сағат 15.00-де.
Өтетін орны: «Ертіс концерт» залы.
Комментарии (0)