Өскеменде тәуелсіздік жылдарында 15 медициналық нысан салынған
18.12.2021 | 11.12
0
38
Өскеменнің және облыстың 13 ауданының 25 медициналық мекемесін қан құрамаларымен қамтамасыз ететін қан орталығы салынды.
Гематология орталығының құрылысы жалғастырылып жатыр. Орталық құрылысы 2022 жылы аяқталмақ. Бұл жобада орталыққа клеткалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдаланатын теңдессіз жаңа құрал-жабдықтарды қою жоспарланған.
Медициналық қызметтердің сапасы жақсарып, мекемелердің заманауи озық құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі артты. Былтыр бес емдеу мекемесіне желілік жылдамдатқыш пен жеті өкпені жасанды желдету аппараты сатылып алынды. Бұл құралдар өкпе ауруынан қайтыс болу көрсеткішін төмендетеді.
Сонымен қатар соңғы бес жылдан бері Өскемен қаласының дәрігерлері еуропалық ауруханаларда оқып, кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтап келіп жатыр.

Комментарии (0)