Облыс орталығында тағы бір жаңа аудан пайда болады
15.12.2021 | 19.00
0
36
Өскеменде жаңа үйлер салу және түрлі санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту жөніндегі бағдарламалар тиімді іске асырылуда. Атап айтсақ, 2018 жылдан бастап биылғы жылға дейін 4872 пәтерге арналған 58 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынды. 297 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Соңғы он жыл ішінде қаладағы 19-шы, 21-ші, 22-ші, 23-ші шағын аудандар қарқынды дамып келеді.
– «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 28-ші тұрғын ауданында үш түрлі жоспарлаудағы 53 үй салынды. Қазірдің өзінде құрылыстың екінші кезегіне кірістік – бұл тағы 120 үй. Олар халыққа «Отбасы банкі» арқылы сатылады, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.Қазіргі уақытта Сәтпаев даңғылы бойында 12 қабатты төрт үй мен 16 қабатты бес тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Облыстық драма театрының артындағы жаңа алаңдағы құрылыс белсенді жүргізілуде. Спорт кешенінің артында жаңа аудан салу жоспарланып отыр.
Комментарии (0)