Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
10.04.2021 | 17.39
0
336
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады. Топырақты жолақтан ұшу маусым айынан ғана басталмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Өскемен әуежайы» АҚ ақпараты бойынша, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Барлық рейстер Семейге ауыстырылады.
1 маусымнан бастап топырақты ұшу жолағы іске қосылады.
- 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан және Үржарға «Ан-24» әуе кемелері топырақты ұшу-қону жолағынан ұшырылады, - деп мәлімдеді әуежай әкімшілігі.
Комментарии (0)