Өскеменде «Үздік идея» байқауына құжат қабылдана бастады
08.12.2021 | 17.22
0
51
Тәуелсіздіктің 30-жылдығын мерекелеу қарсаңында «Үздік идея» байқауына құжат қабылдана бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқау кәсіби білім мен дағды жағынан үздік азаматтарды анықтап, мадақтау арқылы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін таратуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Астана Мемлекеттік қызмет хабы.
Байқау қашықтықтан және тікелей форматта өтеді. Екі негізгі кезеңнен тұрады: 1 кезең – аймақтық деңгейде, 2 кезең – республикалық деңгейде.
2021 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 22 наурызына дейінгі аралықта өткізіледі. Құжаттар Агенттіктің сәйкес аумақтық депаратментінде 10 қаңтарға дейін қабылданады.
Комментарии (0)