Өскеменде жәрмеңке маусымы басталды
22.09.2021 | 17.00
0
205
Өскеменде 25 қыркүйекте жәрмеңке маусымы басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жәрмеңке әр апта сайын сенбі күндері «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығы мен «DosNar» сауда үйінің аумағында бекітілген Кестеге сәйкес өтеді.
Қала тұрғындары облыстың басқа қалалары мен аудандарынан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдерін төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкенің өтетін уақыты: сағат 7.00-ден 15.00-ге дейін.
Комментарии (0)