Өскеменде жаппай тәртіпсіздік кезінде 3 адам қайтыс болған
12.01.2022 | 09.02
0
324
Бүгін, яғни 12 қаңтар күні ШҚО ІІД коменданты полиция полковнигі Серік Жүнісбековтың қатысуымен өңірдегі жағдай бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
5 қаңтардан бастап облыс орталығындағы ішкі істер органдарына тәртіпсіздікке қатысы бар мыңнан астам адам жеткізілген. Қазір олардың 80-і уақытша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ билікке қарсы күш қолдану, жаппай тәртіпсіздік, терроризм актілері және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша 8 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
Бүгін Серік Жүнісбеков тәртіпсіздік салдарынан қайтыс болғандар туралы да ресми деректерді атады.
- Қалада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 3 адам қайтыс болды. Үшеуі де азаматтық тұлға. Бұдан өзге ақпараттар тергеу аясында жария етуге жатпайды, - деп түсіндірді ШҚО ІІД коменданты.
Комментарии (0)