Өскеменде «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өтеді
11.08.2021 | 11.07
0
87
Өскемен қаласында 10-20 тамыз аралығында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шара барысында полиция қызметкерлері кәмілетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта үлкендердің қарамағынсыз үйден тыс жерлерде жүруін, сауда ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ кәмілетке толмағандарға спирттік ішімдіктер сататын сауда нүктелерін тексереді.
- Егер де сіздер тұрмысы қолайсыз отбасында тұратын балаларды білсеңіз немесе олардың олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтардан хабардар болсаңыз полицияға хабар берулеріңізді сұраймыз, - дейді Өскемен қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Орал Рыспаев.
Комментарии (0)